歌词
КӨКПАР
Атына қамшы садырмас,
Айлаға ешбір алдырмас.
Тайсалмас дұшпан қамалында,
Жолдасын жаудың алаңында қалдырмас
Қуаты тасқан ер жігіт,
Құлашын жаяр кең қылып.
Қырандай қанат керетұғын
Қарсыласқанды жеңе тұғын, жер қылып.
Тарихы толы өткелі
Тамыры терең көкбөрі
Қайраты толы найзадай,
Жігері жасын найзағай
Жемісі бүркіт қияғында,
Жеңісі тұлпар тұяғында
Жүректе намыс от барда,
Тайсалмай түстім көкпарға
Жемісі бүркіт қияғында,
Жеңісі тұлпар тұяғында
Шап, шап
Көкпарда жұлқып алысқан,
Жаралған рух пен намыстан.
Жұдырығымен уыстаған,
Алаштың ұлы туыстаған
Арыстан.
Құлақпен доптай ойнаған,
Қайсарлық қанда қайнаған.
Салым салсаң алдыңда қазан ат,
Берілме азамат.
Тарихы толы өткелі
Тамыры терең көкбөрі
Қайраты толы найзадай,
Жігері жасын найзағай
Жемісі бүркіт қияғында,
Жеңісі тұлпар тұяғында
Шап, шап
Жүректе намыс от барда,
Тайсалмай түстім көкпарға
Жемісі бүркіт қияғында,
Жеңісі тұлпар тұяғында
Шап, шап
Тарихы толы өткелі
Тамыры терең көкбөрі
Қайраты толы найзадай,
Жігері жасын найзағай
Жемісі бүркіт қияғында,
Жеңісі тұлпар тұяғында
Шап, шап
Жүректе намыс от барда,
Тайсалмай түстім көкпарға
Жемісі бүркіт қияғында,
Жеңісі тұлпар тұяғында
Шап, шап
专辑信息